«Әлеуметтік жобалардың маңыздылығы мен әсері» атты семинар
«Әлеуметтік жобалардың маңыздылығы мен әсері» атты семинар
Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жаңа-ру» жастар коалициясы заңды тұлғалалар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстарын үйлестіруге бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» тақырыбындағы әлеуметтік жобаның аясында Сарысу ауданы Жаңатас қаласында «Әлеуметтік жобалардың маңыздылығы мен әсері» атты семинар ұйымдастырылып өткізілді. Семинарға қоғам белсенділері, азаматтық сектор өкілдері, белсенді жастар, студенттер қатысты. Семинар барысында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда 10-жылға жуық тәжірибесі бар маман Олжабай Асхат шақырылып, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру барысындағы тәжірибесімен бөлісіп өтті.
Семинар барысында мемлекеттік органдар тарапынан үкіметтік емес ұйымдарға, бастамашыл топтарға түрлі бағыттағы әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында көптеген әлеуметтік жобалар қарастырылады. Сол жобалардың жүзеге асыруға кел-келген азаматтар қатысуға мүмкіндігі бар.
А.Олжабай мырза семинар барысында қатысушыларға үкіметтік емес ұйымды қалай ашу керек, тіркеу керек, жұмысын жүргізу бойынша жастардың сұрақтарына жауап беріп өтті.