«Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын үйлестіру» атты кездесу
«Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын үйлестіру» атты кездесу
Жамбыл облысы Сарысу ауданында үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесуге аудандағы белсенді жастар, бастамашыл топтар, колледж студенттері, жастар жиналды.
Кездесуге үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бойынша тәжірибелі маман, республикалық әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүргізіп жүрген Дастан Исламбек арнайы шақырылып «Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын үйлестіру» атты кездесу тақырында өз презентациясын түсіндірп өтті. Сонымен қатар қатысушылардың сұрақтарына толық әрі нақты түсіндіре отыра жауап беріп өтті.
Кездесу Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен «Жаңа-ру» жастар коалициясы заңды тұлғалалар бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілді.