Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Қоғам / Облыстағы діни ахуалға зерттеу мақсатында тұрғындардан сауалнама алынуда.

Облыстағы діни ахуалға зерттеу мақсатында тұрғындардан сауалнама алынуда.

   «KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қоры Жамбыл облысы әкімдігің Дін проблемаларын зерттеу орталығының «Жамбыл облысының діни ахуалын зерттеу» тақырынбадағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жобаның мақсаты Жамбыл облысының діни ахуалына талдау жүргізуде көрсеткіштерді анықтау, Жамбыл облысындағы діни ахуалдың деңгейі және конфессиялық бағытын анықтау, Тұрғындардың басқа дінге өтуіне қатысты әсерлер факторларын зерделеу, Радикалды діни идеологияға ұшыраған облыс тұрғынына талдау жүргізу, Дін саласындағы тұрақсыздану факторларын анықтау, Төзімділік, конфессияаралық шиеленісу мен жанжалдың болжамды деңгейіне талдау жасау, Дін саласында мемлекеттің саясатын қолдау деңгейіне анықтау және талдау, Облыстағы ата-ана мен баланың арасындағы діни жағдайға байланысты қарым-қатынасты анықтау, Интернеттегі (әлеуметтік желілердегі: әр әлеуметтік желіні жеке-жеке) діни тақырыптардың тұрғындарға қаншалықты әсер етіп жатқанын анықтау болып табылады. Жоба аясындағы херттеу жұмыстары Дін проблемаларын зерттеу орталығымен бекітілген сауалнама арқылы жүргізіледі. Егерде сіздің үйіңізге аталған қордан волонтерлар келген жағдайда түсіністік танып, шынайы жауап бергейсіз.                           Айта кетейік аталған сауалнама Тараз, Шу қалалары және барлық ауданнан жалпы саны 2000 респонденттен алынатын болады. Қазіргі уақытта Тараз қаласы, Байзақ, Жамбыл, Жуалы аудандары тұрғындарынан 830 сауалнама алынып үлгерді.         

joomla 3.5