Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі
Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ұйымдаспаған жастармен жұмыс жүргізу, үйлестіру және олардың әлеуетін дамыту бағытындағы шараларды ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде «Komek.Demeu.kz» қоғамдық қоры, Тараз қалалық жастар ресурстық орталығы және Халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесе отырып 2023 жылдың 8 маусым күні сағат 16:00-де «Март» сауда орталығында, 14 маусым күні сағат 16:00-де Тараз қаласындағы «Грант» базарында, 25 маусым күні сағат 16:00-де «Аватария» ойын сауық орталығында, 26 маусым күні «Фиркан» сауда орталығында, 25 шілде күні сағат 14:00-ден бастап мөлтек аудандарында (7,9,10,11) қала тұрғындары мен жастарына, оның ішінде жұмыссыз жастар, ұйымдаспаған жастар, жеке кәсібін ашатын немесе кәсібін дамытушы жастар үшін мемлекеттік бағдарламалар бойынша және өзге де мекемелердің бос жұмыс орындарын ұсынымен «Бос жұмыс орындар» жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге «Отбасы банк», «Халықты жұмыспен қамту орталығы», «Мансаптық орталық» филиалы, «Тәтті себет» дүкендер желісі, «Фиркан24» сауда орталығы, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 2,5% жастарға арналған микрокредит туралы, «Эксперт Плюс Коллекторлық агенттігі» ЖШС, «Гелиос» ЖШС, «Кәсіпкерлік және өнеркәсіп» сында мекемелер кеңес беріп, бос жұмыс орындар ұсынды.