Қордай ауданында "Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз" тақырыбында кездесу өткізілді
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Қордай ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Гендерлік саясатқа қолдау көрсету» тақырыбындағы әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында Қордай ауданы,Қаракемер ауылында «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге 30-дан аса жастар, мектеп ұжымы және оқушылар қатысты. Кездесуге Тараз қаласынан арнайы “Сенімен Болашақ” Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының психологы Рахымбердиева Шолпан Мұратқызы шақырылды. Шолпан Мұратқызы қатысушыларға зорлық-зомбылықтың түрлері,оның алдын алу және оған қарсы тұру,қоғамдағы және отбасындағы басты проблемалар, болашақты дұрыс құру және жоспарлау туралы ақпараттармен бөлісіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу соңында сұрақтар қойылып, кері байланыс орнатылды