Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Қоғам / Кеңес беру алаңы өтті

Кеңес беру алаңы өтті

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Отбасы институты мен гендерлік саясатты нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын іске асыруда. Жоба аясында Т.Рысқұлов ауданы, Көкдөнен ауылында отбасы институтын нығайту бойынша кеңес беру алаңы өтті. Кеңес берудің басты мақсаты -бұл отбасына және оның мүшелеріне оның жұмысын қалпына келтіру, оңтайландыру және оның мүшелері арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, отбасы мен оның мүшелерінің дамуы үшін қолайлы отбасылық жағдай жасау мақсатында мақсатты психологиялық әсер ету.

          Кеңес беруді психолог - Марал Хантөреқызы жүргізді. Отбасы – қоғамның іргетасы. Тұлғаның тәрбиесі, мінезі, құндылықтары отбасыда қалыптасады. Ажырасу саны артуда. Қазақстанда соңғы жылдары некеге тұру мен ажырасу арасындағы алшақтық күрт өсті. Бала тәрбиесі әлсіреуде. Толық емес отбасылар, ата-ананың жұмысбастылығы – баланың психоэмоционалды дамуына кері әсер етуде. Жастардың отбасылық жауапкершіліктен қашуы – қоғамда "неке мен отбасы – ауыр жүк" деген көзқарастың қалыптасуына әкеліп отыр. Осы түйткілді мәселелер бойынша Марал Хантөреқызы кеңес беру алаңын жүргізді.

Кеңес беруде қазіргі отбасының рөлі мен мәселелері, ажырасудың алдын алу жолдары, отбасыдағы дағдарысты шешу әдістері туралы тақырыптар кеңінен қозғалды.

Іс-шара соңында әйелдер қауымы көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, маманнан тұшымды жауап алды.

 

joomla 3.5