Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Қоғам / Психолог маман №1 мектеп-лицейінде оқушларымен кездесті

Психолог маман №1 мектеп-лицейінде оқушларымен кездесті

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырып жатқан «Отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» жобасы шеңберінде №1 мектеп-лицейінде оқушларымен психологиялық бағыттағы кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараға арнайы шақырылған маман – психолог Әбдісаттар Ғалия Сағатқызы оқушылармен отбасы құндылықтары, эмоционалды тұрақтылық, тұлғааралық қарым-қатынас және жанұялық тәрбиенің бала дамуына әсері туралы кең көлемде ой бөлісті. Кездесу интерактивті форматта өтіп, оқушылармен кері байланыс орнатуға баса мән берілді.9

Психолог жасөспірімдерге отбасы ішіндегі жанжалдарды шешу тәсілдерін, ішкі күйзелістен шығу жолдарын және психологиялық қолдау алудың маңызын нақты мысалдар арқылы түсіндірді. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, өмірлік маңызы бар сұрақтарға жауап алды.

joomla 3.5