Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Қоғам / М. Горький мектебінде өткен ақпараттық-психологиялық кездесу

М. Горький мектебінде өткен ақпараттық-психологиялық кездесу

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. М. Горький мектебінде өткен кезекті ақпараттық-психологиялық кездесу отбасы тәрбиесінің бала психологиясына әсерін түсіндіруге арналды.

Іс-шарада маман-психолог Әбдісаттар Ғалия Сағатқызы қатысып, жасөспірімдердің тұлғалық қалыптасуында отбасының орны, бала мінезіндегі өзгерістердің себептері және оларға дұрыс реакция білдіру жолдары туралы баяндама жасады.

Кездесу оқушылардың ашық пікір білдіруіне, ішкі мәселелерін ортаға салуға жағдай жасайтын ортада өтті. Психолог жасөспірімдердің күнделікті өмірінде жиі кездесетін эмоционалды қиындықтармен күресу жолдарын, өз-өзіне сенімді болуды дамыту әдістерін түсіндірді.

Іс-шара барысында қатысушылардан түскен сұрақтарға кәсіби әрі өмірмен ұштасқан жауаптар беріліп, кеңес түрінде ұсыныстар айтылды. Оқушылар кездесуден үлкен әсер алып, болашақта мұндай пайдалы кездесулердің жалғасуына ниет білдірді.

 

joomla 3.5