Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Қоғам /  «Мықты отбасы-мықты мемлекеттің кепілі»

«Мықты отбасы-мықты мемлекеттің кепілі»

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Отбасы институты мен гендерлік саясатты нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын іске асыруда. Жоба аясында Т.Рысқұлов ауданы, мәдениет үйінде «Мықты отбасы-мықты мемлекеттің кепілі» тақырыбында рухани жаңғыру форумы өткізілді. Форумға аналар кеңесі мүшелері де қатысып, алғыс хаттармен марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды. Форумды психолог-Марал Хантөреқызы жүргізді.

Отбасы – көптеген әлеуметтік қызметті атқаратын қоғамның іргелі негізі, олардың ең маңыздысы, балалардың дүниеге келуі мен тәрбиесі. Өйткені, қоғамды жаңғыртатын отбасы, ең алдымен отбасында мәңгілік рухани-адамгершілік құндылықтар, адамгершілік нормалар, отбасылық дәстүрлер, жалпы қабылданған ұғымдар – ар-намыс, ізгілік, әділдік бала бойына сіңіріледі.Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық – суығына бейімделіп, ықпалына көніп ер жетеді. Ата – ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері екендігі тілге тиек. Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы екендігін тереңірек ұғындыратын, таным мен тәлімге толы форум өтті.

joomla 3.5