Пробация есебіндегі азаматтарға құқықтық сауаттылықты арттыру
«Komek.Demeu.kz» қоғамдық қоры Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің қолдауымен мемлекеттік әлеуметтік жобаны іске асыруда. Жоба аясындағы келесі маңызды кездесу Т. Рысқұлов ауданының полиция бөлімінде өтті. Шараның мақсаты – пробация есебіндегі азаматтарға құқықтық сауаттылықты арттыру, заң алдындағы жауапкершілік пен өз құқықтарын түсіндіру арқылы қоғамға бейімделуге мүмкіндік беру. Іс-шараға арнайы шақырылған қонақ, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Азамат Лесбек еліміздің заңнамалық базасындағы негізгі принциптерді, әрбір азаматтың құқықтық сауаттылығы мен оның қоғамдағы орны туралы кеңінен баяндап берді. Ол өз сөзінде заңға бағынудың маңызын, қайта құқық бұзушылыққа бармаудың жолдарын нақты мысалдармен түсіндірді. Азамат Лесбек мемлекет тарапынан пробация қызметіндегілерге көрсетіліп отырған көмектер, әлеуметтік қолдау тетіктері мен бағдарламалар туралы да тоқталып өтті. Сонымен қатар, еңбекке араласу, қайта мамандық алу және отбасылық қатынастарды реттеу секілді маңызды тақырыптар да қозғалды.
Кездесу барысында азаматтар өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, құқықтық мәселелер бойынша нақты әрі бағытталған жауаптар алды.

11 Апр 2025
124
25 Нояб 2024