Этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі, Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Аудан тұрғындары арасында этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға және насихаттауға бағытталған кездесулер, семинарлар, іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобаны іске асыруда. Жоба аясындағы келесі кездесу Еңбекші ауылындағы Абай атындағы орта мектепте өтті. Бұл шарада этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту бойынша маңызды тақырыптар қозғалды. Кездесуге Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының атқарушы директоры, заңгер Өмірбеков Данияр Маратұлы қатысып, этностар арасындағы бірлік пен бейбіт өмір сүру мәдениетін қалыптастыруға қатысты өз ойын ортаға салды. Өз баяндамасында спикер Қазақстан халқы Ассамблеясы, құқықтық нормалар мен мемлекеттік бағдарламалар туралы айта отырып, ауыл тұрғындарына және оқушыларға қоғамда келісім мен татулықты сақтау үшін не істеу керек екенін түсіндірді. Қатысушылар тарапынан этностық қатынастардың әлеуметтік маңызы, түрлі ұлттар арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолдары жөнінде сұрақтар қойылды. Оқушылар өз сауалдарына маманнан тұшымды жауап алды.