Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Қоғам / Қоғамдағы тұрақтылық пен бейбіт өмірдің негізі – этносаралық келісім

Қоғамдағы тұрақтылық пен бейбіт өмірдің негізі – этносаралық келісім

Этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған келесі кездесу Жаңатұрмыс ауылындағы Қ.Сәтпаев атындағы орта мектепте өтті.Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі, Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің аудан тұрғындары арасында этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға және насихаттау тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобаны іске асыруда. Кездесу спикері – Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының атқарушы директоры, заңгер Өмірбеков Данияр Маратұлы оқушылар мен ұстаздармен ашық диалог өткізді. Өз сөзінде ол қоғамдағы тұрақтылық пен бейбіт өмірдің негізі – этносаралық келісім екенін айтып, бұл құндылықтарды күнделікті өмірде сақтау маңыздылығына тоқталды.

Спикер құқықтық мәдениетті қалыптастыру, түрлі этностардың тең құқықтылығы, азаматтық жауапкершілік туралы түсінікті тілде баяндап, қатысушыларға пайдалы ақпарат берді.

joomla 3.5