Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Қоғам / Ұлттық құндылықтарды дәріптеу

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар арасында қазақстандық патриотизмді насихаттау, ұлттық құндылықтарды сақтау және жасөспірімдер мен жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда.

Каменка ауылындағы Б.Момышұлы атындағы орта мектепте оқушылармен кезекті кездесу өтті. Кездесудің спикері – Тараз қалалық мәслихатының депутаты Азамат Лесбек жастардың ұлттық құндылықтарға деген көзқарасы, қазіргі қоғамдағы жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың себептері туралы ой бөлісті.

Депутат ұлттық рух, отанға деген сүйіспеншілік, ата-ананы құрметтеу сынды ұстанымдардың әр адамның бойында мықтап орнығуы керектігін атап өтті. Ол сондай-ақ жастарды жауапкершілікке, білімге, өз болашағына бейжай қарамауға шақырды.

Іс-шара барысында оқушылар өз ойларын ашық білдіріп, түрлі сұрақтар қойып, пайдалы кеңестер алды. Кездесу патриоттық тәрбие беруде үлкен маңызға ие болды

joomla 3.5