Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Қоғам / Колледж жастарымен кездесу

Колледж жастарымен кездесу

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі мен Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Жастар арасында қазақстандық патриотизмді насихаттау, ұлттық құндылықтарды сақтау және жасөспірімдер мен жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу» жобасы аясында Құлан колледжінде мазмұнды кездесу өтті.

Кездесуде – Тараз қалалық мәслихатының депутаты Азамат Лесбек жастармен еркін сұхбат жүргізіп, олардың қоғамдағы рөлі, Отан алдындағы жауапкершілігі, және құқықтық сауаттылығы туралы нақты ойларымен бөлісті.

Ол ұлттық құндылықтардың жастар өміріндегі маңызын ерекше атап өтіп, бүгінде олардың әлсіреуінен көптеген әлеуметтік проблемалардың туындап жатқанын жеткізді. Сонымен қатар, жастарды білімге, еңбекқорлыққа, мәдениеттілікке шақырды.

Іс-шара студенттердің санасында патриоттық рух пен ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға, олардың бойында тәртіп пен заңға құрметті күшейтуге зор ықпал етті.

joomla 3.5