«Біз бірге күштіміз» атты жас этностар арасындағы спорттық жарыс
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін Пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Аудан тұрғындары арасында этносаралық және конфессиялық келісімді нығайтуға және насихаттауға бағытталған іс-шаралар» тақырыбындағы әлеуметтік жобасын іске асыруда. Жоба аясында Тұрар Рысқұлов ауданындағы Достық үйінде «Біз бірге күштіміз» атты жас этностар арасындағы спорттық жарыс өткізілді. Мақсат-Қазақстан халқының ынтымағы мен ұлтаралық татулығын одан әрі күшейту, этносаралық және конфессиялық келісімді, ұлтаралық татулықты нығайту, этносаралық қарым-қатынас пен қоғамдық келісімді реттеу болып табылады. Спорттық жарысқа 20-дан аса этнос жастары белсене атсалысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Жастар Армреслинг стол, Тоғыз құмалақ, Дойбы ойнап өз бақтарын сынады. Жарыстың соңында жүлделі орын алған жастар марапатталып, сыйлықтар табысталды.