«Бірлік барда-тірлік бар» тақырыбында отбасылық спартакидасы
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін Пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын іске асыруда. Жоба аясында Тұрар Рысқұлов ауданындағы «Достық үйінде» «Бірлік барда-тірлік бар» тақырыбында отбасылық спартакидасы өткізілді. Бұл спартакиада ойыны отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс болды. Отбасылық спартакиадаға «Жақсытаевтар», «Париева», «Саркуловы», «Асимбековтар» отбасы қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда, отбасылық институтты нығайту да бұндай іс-шаралардың маңызды орасан зор.