Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Қоғам / «Бейбіт елдің балалары» атты балалар мен жасөспірімдерге арналған этносаралық байқау

«Бейбіт елдің балалары» атты балалар мен жасөспірімдерге арналған этносаралық байқау

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін Пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Аудан тұрғындары арасында этносаралық және конфессиялық келісімді нығайтуға және насихаттауға бағытталған іс-шаралар» тақырыбындағы әлеуметтік жобасын іске асыруда. Жоба аясында Тұрар Рысқұлов ауданындағы «Достық үйінде»  «Бейбіт елдің балалары» атты балалар мен жасөспірімдерге арналған этносаралық байқау өткізілді. Мақсат- Қазақстан халқының ынтымағы мен ұлтаралық татулығын одан әрі күшейту, этносаралық қарым-қатынас пен қоғамдық келісімді реттеу болып табылады. Байқауға 20 ға жуық этнос жастары белсене атсалысты. Байқау 6-8 жас, 9-11 жас, 12-15 жасерекшелігіне қарай үш топқа бөлініп қарастырылды. Байқаудың нәтижесінде орын алған оқушылар марапатталып, сыйлықтар табысталды.

joomla 3.5