Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Қоғам / Ата-ана мен бала

Ата-ана мен бала

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі мен Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бірлесуімен жүзеге асырылып жатқан «Отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» жобасы аясында Құлан ауылындағы Құлан мектеп-гимназиясында кезекті құқықтық-ағартушылық бағыттағы кездесу өткізілді. Аталған іс-шараның басты мақсаты – жас буынның отбасылық құндылықтарға деген көзқарасын қалыптастыру, құқықтық мәдениетті арттыру және тұлғалық жауапкершілік жөнінде түсінігін кеңейту болды.

Кездесуге арнайы шақырылған спикер – Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының атқарушы директоры, тәжірибелі заңгер Өмірбеков Данияр. Ол оқушыларға отбасы шеңберіндегі заңдық қатынастар, ата-ана мен бала арасындағы өзара құқықтар мен міндеттер туралы кең көлемде түсіндіріп берді.

Кездесуге мектеп ұжымы мен жоғары сынып оқушылары белсенді қатысып, өз сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасуға мүмкіндік алды. Оқушылар отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті мен заң шеңберінде әрекет етудің маңыздылығы жөнінде тереңірек мағлұмат алып, ой түйді.

Іс-шара еркін форматтағы ашық диалогқа ұласып, қатысушылар үшін пайдалы әрі маңызды тәжірибе алаңына айналды. Жиын соңында мектеп әкімшілігі мен оқушылар атынан ризашылық білдіріліп, мұндай кездесулердің тәрбиелік мәні зор екені атап өтілді.

joomla 3.5