Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Қоғам / Пробация қызметінің есебіндегі азаматтармен кездесу

Пробация қызметінің есебіндегі азаматтармен кездесу

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі, Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде пробация қызметінің есебіндегі азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету және түсіндірме жұмыстарын жүргізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобаны іске асыруда. Жоба аясындағы келесі маңызды кездесу Т. Рысқұлов ауданының полиция бөлімінде өтті. Шараның мақсаты – пробация есебіндегі азаматтарға құқықтық сауаттылықты арттыру, заң алдындағы жауапкершілік пен өз құқықтарын түсіндіру арқылы қоғамға бейімделуге мүмкіндік беру.

Іс-шараға арнайы шақырылған қонақ – Ахметов Айнабек Қалдарбекұлы, дінтанушы, Тараз қалалық Кеңесхан қажы мешітінің имамы – құқықтық мәдениеттің дінмен байланысы, адамның рухани дамуы және қоғамдағы тәртіпке бағынудың маңыздылығы туралы кеңінен баяндап берді. Ол өз сөзінде заңға бағыну мен моральдық жауапкершілік, қайта құқық бұзушылыққа жол бермеу, адами құндылықтар арқылы дұрыс бағыт таңдаудың маңызын нақты мысалдармен түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, еңбекке араласу, қайта мамандық алу, отбасылық қатынастарды нығайту сынды маңызды тақырыптар да қамтылды.

Кездесу барысында азаматтар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, дін мен құқық аясындағы мәселелерге нақты әрі бағытталған жауаптар алды. 

 

 

joomla 3.5