«Ұлт рухының ұясы-ауыл анасы» атты аналар форумы
«Ұлт рухының ұясы-ауыл анасы» атты аналар форумы
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен «Ардагерлерді қолдауға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде «Komek.Demeu.kz» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылында аудандық Мәдениет үйінде «Ұлт рухының ұясы-ауыл анасы» атты аналар форумы ұйымдастырылды. Форумға аналар кеңесі мүшелері, әйел азаматтары қатысып, алғыс хаттармен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды. Форумға психолог Марал Хантөреқызы шақырылып, отбасы құндылығы, аналардың қоғамдағы ролі мен маңыздылығы бойынша ой қозғады.