Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Қоғам / Ә.Бөкейханов атындағы орта мектептебіндегі «Отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» жобасы бойынша кезекті кездесу өтті

Ә.Бөкейханов атындағы орта мектептебіндегі «Отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» жобасы бойынша кезекті кездесу өтті

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында жүзеге асып жатқан «Отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» жобасы бойынша кезекті кездесу Ә.Бөкейханов атындағы орта мектепте өтті. Іс-шараға арнайы Тараз қаласынан арнайы Жамбыл облыстық наториаттық палатасының атқарушы директоры, заңгер Өмірбеков Данияр шақырылды. Өмірбеков Данияр қатысушыларға отбасылық құқық, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, отбасындағы өзара сыйластық, жауапкершілік секілді маңызды тақырыптарда мазмұнды баяндама жасады.

 Тренинг формасында өткен кездесуде оқушылар белсенділік танытып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Кездесу достық, ашық және сенімді атмосферада өтті. Шара соңында оқушылар мен мұғалімдер отбасы құндылықтары бойынша өз ойларын ортаға салып, маман тарапынан берілген кеңестердің өмірлік маңызы зор екенін атап өтті.

joomla 3.5