Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Қоғам / Т.Рысқұлов ауданы, Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепте де мазмұнды кездесу өтті.

Т.Рысқұлов ауданы, Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепте де мазмұнды кездесу өтті.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында Т.Рысқұлов ауданы, Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепте де мазмұнды кездесу өтті. Кездесуге Тараз қаласынан арнайы Жамбыл облыстық наториаттық палатасының атқарушы директоры, заңгер Өмірбеков Данияр шақырылды. Өмірбеков Данияр қатысушыларға отбасылық құқық, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, отбасындағы өзара сыйластық, жауапкершілік секілді маңызды тақырыптарда мазмұнды баяндама жасады.

 Кездесу барысында қатысушылар ата-ана мен бала арасындағы эмоционалды байланыс, баланың өзін-өзі бағалауын қалыптастыру, сенімді орта құру мәселелерін талқылады.

Шара мектеп ұжымының оң бағасына ие болып, оқушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.

joomla 3.5