Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Қоғам / . Рысқұлов ауданының Абай атындағы шағын орталықты орта мектебінде оқушылар мен ұстаздарға арналған кездесу өтті.

. Рысқұлов ауданының Абай атындағы шағын орталықты орта мектебінде оқушылар мен ұстаздарға арналған кездесу өтті.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі «Отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында Т. Рысқұлов ауданының Абай атындағы шағын орталықты орта мектебінде оқушылар мен ұстаздарға арналған кездесу өтті.

Кездесуге арнайы Тараз қаласынан Тараз қалалық мәслихат депутаты, спикер, қоғамдық пікір көшбасшысы, Республикалық пікірсайыс ойындарының жүлделі орын иегері Лесбек Азамат Қайратұлы шақырылды. Азамат Қайратұлы отбасы құндылығы, жастардың тәлім-тәрбиесі, заманауи тенденсия, отбасы интитутын жастардың сезінбеуі сынды тақырыптар аясында ой қозғды.

Кездесу барысында оқушылар еркін форматта сұрақтар қойып, өмірлік мәні бар жауаптар алды. Спикер жасөспірімдердің ашықтығына ризашылығын білдіріп, әрқайсысына жеке мотивациялық кеңес айтты.

Шара соңында мектеп әкімшілігі мен оқушылар бұл кездесу жас ұрпақтың тұлғалық әрі психологиялық дамуына оң әсер еткенін айтып, алғыстарын білдірді.

joomla 3.5