Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Қоғам / Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылы, Әлихан Бөкейханов мектебі қабырғасында "Этносаралық жәе конфессияаралық келісімді нығайтуға және насихаттауға бағытталған кездесу өтті.

Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылы, Әлихан Бөкейханов мектебі қабырғасында "Этносаралық жәе конфессияаралық келісімді нығайтуға және насихаттауға бағытталған кездесу өтті.

"Этносаралық жәе конфессияаралық келісімді нығайтуға және насихаттауға бағытталған кездесу

 Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі мен Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Аудан тұрғындары арасында этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға және насихаттауға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде Құлан ауылы, Әлихан Бөкейханов  мектебі қабырғасында "Этносаралық жәе конфессияаралық келісімді нығайтуға және насихаттауға бағытталған  кездесу өтті.

Кездесуге Тараз қалалық мәслихатының депутаты, пікірсайыс ойындарының Ресубликалық және облыстық жүлдегері, жас белсенді Лесбек Азамат Қайратұлы шақырылды. Азамат Қайратұлы жастармен еркін сұхбат жүргізіп, олардың қоғамдағы рөлі, Отан алдындағы жауапкершілігі, және құқықтық сауаттылығы туралы нақты ойларымен бөлісті. Ол адами құндылықтардың жастар өміріндегі маңызын ерекше атап өтіп, бүгінде олардың әлсіреуінен көптеген әлеуметтік проблемалардың туындап жатқанын жеткізді. Сонымен қатар, жастарды білімге, еңбекқорлыққа, мәдениеттілікке шақырды. Іс-шара студенттердің санасында патриоттық рух пен адами сана-сезімді қалыптастыруға, олардың бойында тәртіп пен заңға құрметті күшейтуге зор ықпал етті.

 

joomla 3.5