Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Қоғам / Мамандардан кеңес

Мамандардан кеңес

«Komek.Demeu.kz» қоғамдық қоры Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің қолдауымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету және түсіндіру жұмыстарын жүргізу» тақырыбындағы әлеуметтік жобаны жүзеге асыруда. Жоба шеңберінде пробация қызметінің есебіндегі азаматтарға бағытталған іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп келеді. Соның бірі – кеңес беру алаңы. Аталған алаң пробация есебіндегі азаматтарға мемлекеттік қолдау түрлері мен әлеуметтік қызметтер туралы кең көлемде ақпарат беру мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шараға Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары мен ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары арнайы шақырылып, спикер ретінде қатысып, қатысушыларға еңбек нарығындағы мүмкіндіктер, кәсіптік оқыту, әлеуметтік көмек түрлері және ауыл шаруашылығына қатысты мемлекеттік бағдарламалар жөнінде жан-жақты мәліметтер ұсынды. Кеңес беру алаңы барысында азаматтар нақты сұрақтарын қойып, өздеріне қажетті жеке кеңестер алды. Сонымен қатар, болашақта қандай бағытта жұмыс істеуге болатыны, қандай қолдау тетіктері бар екендігі туралы құнды ақпараттарға қол жеткізді. Іс-шараның басты мақсаты – пробация есебіндегі азаматтардың қоғамға қайта бейімделуіне ықпал ету, олардың әлеуметтік және құқықтық сауаттылығын арттыру болды.

Мұндай кеңес беру форматындағы кездесулер аталған санаттағы азаматтардың әлеуметтік белсенділігін арттырып, өмірлік бағыт-бағдарын қалыптастыруға зор әсер етеді. Жоба алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, әртүрлі бағытта іс-шаралармен толықтырылатын болады.

 

 

joomla 3.5