Отбасы құндылығы
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Отбасы институтын нығайту, отбасылық құндылықтарды насихаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Аталған жоба аясында Мойынқұм ауданына қарасты Хантау ауылында “Дәстүр” атты пікірталас өткізілді.
Жергілікті тұрғындардың қатысуымен ұйымдастырылған бұл шарада қоғамдағы отбасы рөлінің маңыздылығы, ұрпақ тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі мен өзара сыйластық мәселелері кеңінен сөз болды. Кездесуге арнайы шақырылған спикер – Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының атқарушы директоры, заңгер Өмірбеков Данияр Маратұлы өз саласының маманы ретінде отбасы мен заң арасындағы өзара байланысты, отбасылық қатынастардағы құқықтық нормаларды түсінікті әрі нақты мысалдармен жеткізе білді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар құқықтық сауаттылыққа, күнделікті өмірде туындайтын тұрмыстық жағдайлар мен оларды шешу жолдарына қатысты болды. Ашық пікір алмасу форматында өткен кездесудің басты ерекшелігі – әр қатысушының белсенділік танытуы мен өзекті мәселелер төңірегінде еркін ой бөлісуі болды.

17 Сен 2025
17
25 Нояб 2024