Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Қоғам / “Нашақорлықсыз болашақ” атты психологиялық тренинг

“Нашақорлықсыз болашақ” атты психологиялық тренинг

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Аудан тұрғындары арасында нашақорлықтың және есірткі бизнесін алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралар” атты мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында Бірлік ауылында “Нашақорлықсыз болашақ” атты психологиялық тренинг өткізді. Іс-шара ауылдық мәдениет үйінің мәжіліс залында өтті. Жиынға ауыл тұрғындары, жастар, мектеп мұғалімдері және ата-аналар қатысты. Тренингтің негізгі мақсаты — есірткіге тәуелділіктің адам психологиясына, денсаулығына және әлеуметтік ортасына тигізетін зиянын түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау және ауыл жастары арасында нашақорлықтың алдын алу.

Кездесуге арнайы шақырылған спикер — Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының атқарушы директоры, заңгер Өмірбеков Данияр Маратұлы. Ол өз сөзінде нашақорлықтың құқықтық және әлеуметтік салдарына кеңінен тоқталып, жастардың теріс жолға түсуіне әкелетін себептерді нақты мысалдармен түсіндіріп берді. Заңгер ретінде есірткі қолданудың қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін, мұндай әрекеттердің болашаққа кері әсер ететінін атап өтті. Психологиялық бағыттағы тренинг барысында қатысушыларға өмірден алынған нақты оқиғалар мысалға келтірілді. Сонымен қатар, жастармен ашық диалог ұйымдастырылып, өз ой-пікірлерін айтуға мүмкіндік берілді.

Шара соңында қатысушыларға есірткіге қарсы иммунитет қалыптастырудың маңыздылығы туралы ақпараттық таратпа материалдары таратылды. Тренинг ауыл жастарының өмірге деген көзқарасын кеңейтуге, жауапкершілік сезімін арттыруға және қауіптің алдын алуға бағытталған маңызды қадам болды.

 

joomla 3.5