“Нашақорлықсыз болашақ” атты семинар-тренинг
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Аудан тұрғындары арасында нашақорлықтың және есірткі бизнесін алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралар” мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында Мойынқұм ауданындағы “Coworking” білім орталығында “Нашақорлықсыз болашақ” атты семинар-тренинг өтті. Шараға пробация есебіндегі азаматтар мен азаматшалар қатысты.
Семинарды заңгер Өмірбеков Данияр Маратұлы жүргізді. Ол шараға қатысушылармен ашық әңгіме өрбітіп, олардың ішкі күйзелістерінің себептері, қысым жағдайында қалай әрекет ету керектігі туралы психологиялық кеңестер берді. Тренинг кезінде өмірлік мақсаттар туралы әңгімелеп, мотивациялық жаттығулар орындады. Сонымен қатар, есірткі мен түрлі зиянды әдеттерге “жоқ” деп айтудың маңыздылығы айтылды. Бұл шара өзін-өзі дамытуына, сана-сезімін нығайтуға және өз болашағына жауапкершілікпен қарауға үйретті.

06 Окт 2025
35
25 Нояб 2024