Зияткерлік ойын ұйымдастырылды
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асып жатқан “Нашақорлықсыз болашақ” акциясы аясында жастардың білімін арттыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізіліп келеді.
Осы бағытта жастар арасында зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – қатысушылардың білім деңгейін арттыру, салауатты өмір салтын дәріптеу және ой-өрісін кеңейту болды. Ойын барысында қатысушыларға түрлі тақырыптағы сұрақтар қойылып, олар өзара пікір алмасып, нашақорлықтың алдын алу жолдары жөнінде ой бөлісті. Жастар белсенділік танытып, логикалық ойлау қабілеттері мен өмірлік көзқарастарын көрсетті. Іс-шара соңында белсенділік танытқан топтар мен жеңімпаздар арнайы марапаттармен және алғыс хаттармен құрметтелді.


12 Июнь 2025
16
25 Нояб 2024