Кіші футболдан турнир
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алу және жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасының “Нашақорлықсыз болашақ” акциясы аясында әртүрлі форматта іс-шаралар ұйымдастырылуда. Акция аясында 2 мөлтек ауданында жастар арасында кіші футболдан турнир өткізілді.
Аталған турнирдің басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, бос уақытты тиімді пайдалану және командалық рух пен достық қарым-қатынасты нығайту болды. Турнирге 2 мөлтек ауданы мен көршілес аумақтардың белсенді жастары қатысып, өзара тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті. Жарыс бірнеше кезең бойынша өтті. Алғашқы айналымда командалар топтық жүйе бойынша ойнап, үздік ойыншылар мен командалар іріктелді. Қорытынды кезеңде тартысты ойын өрбітіп, финалдық кездесуде мықтылар анықталды. Жанкүйерлер өз командаларына қолдау көрсетіп, алаңда нағыз спорттық атмосфера қалыптасты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар, кубоктар және бағалы сыйлықтар табысталды. Іс-шара соңында ұйымдастырушылар қатысушыларға белсенділігі мен спортқа деген қызығушылығы үшін алғыстарын білдіріп, мұндай турнирлердің жастардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, оларды нашақорлық пен зиянды әдеттерден алшақ болуға тәрбиелейтінін атап өтті.

13 Июнь 2025
16
25 Нояб 2024