Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Қоғам / Мамандармен өткізілген семинар

Мамандармен өткізілген семинар

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алу және жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Нашақорлыққа жол жоқ: ерте жүктіліктің алдын алу және жас жыныстық ерекшеліктер» атты оқу семинары өткізілді. Бұл іс-шара “Нашақорлықсыз болашақ” акциясы аясында жастарды салауатты өмір салтына үндеу және тәуелділіктің алдын алу мақсатында ұйымдастырылды. Семинар барысында студенттерге есірткі заттарының адам ағзасына зияны, ерлер мен әйелдердің психологиялық ерекшеліктері, жасөспірімдер мен жастар арасында тәуелділікке әкелетін факторлар және олардың алдын алу жолдары мен қолдау механизмдері туралы толық ақпарат берілді. Іс-шараға Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Айгерім Асанқызы Каукешова, Қаламгерлер клубының жетекшісі, ақын әрі психолог Марал Хантөреқызы және Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің маманы Құралай Алпысбайқызы Бикенова қатысып, тақырып бойынша кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, семинар барысында студенттерге есірткі заттарын қолданудың заңдық салдары мен қылмыстық жауапкершілікке тартылуы туралы ақпараттық үнпарақтар таратылды. Мұндай кездесулер жастарға өз денсаулығы мен болашағына жауапкершілікпен қарауға, зиянды әдеттерден алшақ болуға және салауатты өмір салтын ұстануға зор үлес қосады.

 

joomla 3.5