"Діни экстремизм – XXI ғасыр дерті" тақырыбында кездесу
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің қолдауымен жүзеге асып жатқан мемлекеттік әлеуметтік жоба аясында Мойынқұм ауданында "Діни экстремизм – XXI ғасыр дерті" тақырыбында мазмұнды кездесу өтті. Іс-шара Мойынқұм аудандық мешітінде ұйымдастырылды.
Кездесудің басты мақсаты — діни сауаттылықты арттыру, діни көзқарасын дұрыс қалыптастыру және дәстүрлі емес діни ағымдардың теріс ықпалынан сақтандыру болды. Сонымен қатар, шара барысында қатысушыларға діни экстремизм мен радикализмнің қоғамға тигізетін кері әсері, оның алдын алу жолдары және дәстүрлі Ислам дінінің құндылықтары жөнінде кеңінен түсіндірілді. Шараға арнайы шақырылған спикер — Жамбыл облысы әкімдігі дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы, тәжірибелі теолог Қырықбай Саян Батырұлы. Ол өз сөзінде қазіргі қоғамдағы діни ағымдардың ерекшеліктері мен олардың таралу тетіктеріне тоқталып, діни білімді тек ресми, сенімді дереккөздерден алу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, дін мен дәстүрдің байланысы, ұлттық құндылықтар мен рухани тәрбие жайында да мазмұнды әңгіме өрбітіп, жастардың көкейіндегі сұрақтарға жауап берді. Кездесу барысында еркін пікір алмасу ұйымдастырылып, діни төзімділік пен бейбітшілік құндылықтарын дәріптеу бағытында ой-пікірлер ортаға салынды.

24 Окт 2025
21
25 Нояб 2024