Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Қоғам / Қала жастарынан сауалнама алынды

Қала жастарынан сауалнама алынды

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алу және жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасының аясында іс-шараларды қарқынды түрде өткізуде. Аталған жоба шеңберінде жастардың белсенділігі мен жауапкершілігін арттыруға, олардың қоғамдағы өз орнын сезініп, әлеуметтік мәселелерге бейжай қарамауға бағытталған түрлі іс-шаралар қарқынды түрде ұйымдастырылуда.Жобаның бір маңызды бөлігі ретінде қала жастары арасында сауалнама жүргізілді. Бұл сауалнамада жастардың қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатқа деген жауапкершілік сезімін арттыруға байланысты ой-пікірлері, ұсыныстары мен көзқарастары жинақталды.Жастардың айтуынша, таза ауа, жасыл қала, қоқысты сұрыптау, суды үнемдеу – тек экологтардың немесе арнайы мекемелердің емес, әрбір саналы азаматтың азаматтық борышы болуы тиіс. Табиғатты аялау – болашаққа жасалған ең үлкен инвестиция. «Біздің қала – біздің табиғат, біздің табиғат – біздің болашағымыз» деген ой сауалнамаға қатысқан жастардың басты ұстанымына айналды. Сауалнама жастар жиі баратын саябақтар мен ойын-сауық орталықтарында өткізілді. Бұл өз кезегінде қала жастарының белсенді қатысуына мүмкіндік беріп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға деген қызығушылығын арттырды.

joomla 3.5