Мобилограф және смм оқытулары ұйымдастырылды
Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы “Еркін Пікір” жастар қоғамдық бірлестігі мобилография және SMM (әлеуметтік медиа маркетинг) бағыттары бойынша оқыту жобасын ұйымдастырды, оған 25 шәкірт қатысты.
Оқыту барысында жастар заманауи цифрлық құралдарды пайдалану, әлеуметтік желілерде креативті контент жасау, бейнероликтер түсіру мен монтаждауды үйренді.
Сондай-ақ, SMM бойынша контент стратегиясын құру, мақсатты аудиторияны анықтау және тиімді насихаттау әдістері таныстырылды.
Жоба жастардың медиа сауаттылығын, цифрлық дағдыларын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ болашақта өз жобаларын насихаттауға мүмкіндік берді.

23 Окт 2024
16
25 Нояб 2024