"Креативті жастар" семинар-тренингі өткізілді
Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы “Еркін Пікір” жастар қоғамдық бірлестігі әр түрлі санаттағы жастарға арналған “Креативті бол, креативті ойлан” атты семинар-тренинг ұйымдастырды.
Аталған шараға әр түрлі әлеуметтік топтардан келген жастар қатысты және олар заманауи креативтік тәсілдер мен практикалық дағдыларды меңгеру мүмкіндігіне ие болды.
Семинар-тренинг бағдарламасы қатысушылардың ойлау қабілетін дамыту, шығармашылық шешім қабылдау, топтық жұмыс дағдыларын жетілдіру, презентация және коммуникациялық қабілеттерін дамытуға бағытталды.
Қатысушылар практикалық тапсырмалар арқылы өздерінің жобалық идеяларын ұсынды, топ ішінде талқылады және әртүрлі жағдайларды модельдеп, шығармашылық шешімдер қабылдауды үйренді.
Сонымен қатар, семинар-тренинг барысында медиа құралдарды қолдану, постер, инфографика және қысқа видеороликтер жасау дағдылары таныстырылды.
Оқыту нәтижесінде жастар өздерінің шабытты ойлау, шығармашылық көзқарас және командада тиімді жұмыс жасау қабілеттерін арттырды, идеяларын нақты және көрнекі түрде ұсынуды үйренді.
Жалпы жобаның мақсаты – жастардың креативтік ойлау қабілетін дамыту, әлеуметтік белсенділігін арттыру және заманауи дағдылар арқылы болашақта жеке және қоғамдық жобаларды тиімді жүзеге асыруға жағдай жасау болды.

24 Окт 2024
16
25 Нояб 2024