Жастарға кеңес беру
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «NEET санатындағы жастарды қолдау жүргізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында түрлі бағыттағы іс-шаралар жүзеге асырылуда. Жоба аясында NEET санатындағы жастарды және қала тұрғындарын ақпараттандыру, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы түсіндіру мақсатында «Кеңес беру» алаңдары тұрақты түрде ұйымдастырылды. Аталған іс-шаралар «Grand Bazar» сауда орталығында, «Тараз сервис және технология» колледжінде, «Жамбыл индустриалды-технологиялық» колледжінде, «Білім» колледжінде, «Болашақ» жоғары медициналық колледжінде, «Астана» колледжінде, Тараз қалалық «Мансаптық орталығы» филиалында, сондай-ақ «Coworking» залында және онлайн форматта өткізілді. Кеңес беру алаңдарының басты мақсаты – жастар арасында еңбек нарығындағы мүмкіндіктер, жұмысқа орналасу тәсілдері және қолжетімді мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңінен ақпарат беру болды. Кеңес беру алаңдарына «Мансаптық орталық» филиалының мамандары, «Отбасы банк» АҚ өкілдері және басқа да серіктес ұйымдар қатысты. Іс-шара барысында жастарға «Жастар практикасы», «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Алғашқы жұмыс орны» жобаларының шарттары түсіндіріліп, Enbek.kz электронды еңбек биржасы арқылы жұмыс іздеу және тіркелу тәсілдері көрсетілді. Сонымен қатар, жастарға тұрғын үй алу, есепшот ашу және қаржылық сауаттылық бойынша кеңестер берілді. Нәтижесінде бірнеше жас өз атына есепшот ашып, болашақ кәсіби дамуына қажетті ақпараттармен қамтамасыз етілді. Барлығы 9 кеңес беру алаңы өткізілді. Жастар мен қала тұрғындарына еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар, мемлекеттік қолдау құралдары мен бағдарламалар жайлы толық мағлұмат берілді. Іс-шаралардың нәтижесінде NEET санатындағы жастардың мемлекеттік бағдарламаларға қызығушылығы артты, олардың кәсіби бағдарлануы мен әлеуметтік белсенділігі нығая түсті.



17 Окт 2024
15
25 Нояб 2024