Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Қоғам / Жастар конференциясы

Жастар конференциясы

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «NEET санатындағы жастарды қолдау жүргізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында түрлі бағыттағы іс-шаралар жүзеге асырылуда. Жоба аясында волонтерлік қызметті жетілдіру, жастар бастамаларын қолдау және көшбасшылық қасиеттерді дамыту мақсатында конференция ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушылар волонтерлік жобаларды тиімді жоспарлау, командалық жұмыс ұйымдастыру, әлеуметтік жобаларды іске асыру тәжірибесімен танысты. Сонымен қатар, жастар өз идеяларын таныстыруға мүмкіндік алып, тәжірибелі мамандардан кәсіби кеңестер алды. Конференцияға 35-тен астам жас қатысты, олар қатысқан топтық және жеке форматтағы тапсырмалар арқылы көшбасшылық қабілеттерін дамытты. Қатысушылардың әрқайсысы өзекті әлеуметтік мәселелер бойынша жобалық ұсыныстар жасады және волонтерлік бастамаларды қалай тиімді жүзеге асыруға болатыны туралы ақпарат алды.

joomla 3.5