Жастарды қолдау
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «NEET санатындағы жастарды қолдау жүргізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасының аясында «Жас келсе іске» атты атты семинар-тренинг ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында волонтерлік қызметті жетілдіру, көшбасшылық қасиеттерін дамыту және жастар бастамаларын қолдау болды. Семинарға 35-тен астам жас қатысты. Қатысушылар тәжірибелі мамандардан көшбасшылық, командалық жұмыс және әлеуметтік жобаларды іске асыру дағдыларын үйренді. Іс-шара барысында қатысушылар топтық және жеке тапсырмалар арқылы әлеуметтік жобаларды жоспарлау және жүзеге асыру жолдарын тәжірибеде көрсетті. Сондай-ақ, мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен гранттық мүмкіндіктер туралы толық ақпарат ұсынылды. Семинар соңында жастар өз идеяларын ортаға салып, болашақта волонтерлік бастамаларды дамыту жолдарын талқылады.

24 Окт 2024
13
25 Нояб 2024