"Патриоттық рух пен азаматтық жауапкершілік"
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар арасында қазақстандық патриотизмді насихаттау, ұлттық құндылықтарды сақтау және жасөспірімдер мен жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында Әбдіжаппар ауылындағы №4 орта мектебінде жастармен кездесу өткізді. Шараның негізгі бағыты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, патриоттық сезім мен ұлттық бірегейлікті қалыптастыру.
Кездесуде гуманитарлық ғылымдар магистрі Жақыпов Ерзат Жасқанбайұлы оқушыларға қоғамдағы азаматтық ұстанымның рөлі, мәдени құндылықтарды сақтау және рухани дамудың маңызы туралы кеңінен баяндады. Спикер жастарды өз елінің тарихына құрметпен қарап, әр іске адалдықпен қарауға үндеді.
Іс-шара ашық сұхбат түрінде өтіп, қатысушылар ой еркіндігі мен пікір алмасу арқылы өзара түсіністік орнатты. Бұл кездесу жас буынның азаматтық сана-сезімін оятып, отансүйгіш рухын күшейтуге септігін тигізді.

18 Май 2025
15
25 Нояб 2024