«Ракетка ритмі» үстел теннисі
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырып жатқан «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға, есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алу және жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында іс-шаралар өз жалғасын табуда. Түрлі спорттық және тәрбиелік бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылып, жастардың белсенді қатысуына жағдай жасалуда. Жоба аясында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде үстел теннисінен «Ракетка ритмі» атты турнир өтті. Бұл жарыс жастардың қызығушылығын арттырып, спортқа деген ынтасын күшейтті. Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар өз ептіліктерін, жылдамдықтарын және ойын тактикасын шебер көрсете білді. Қатысушылар арасында өзара қолдау мен әділ бәсеке орнап, достық атмосферасы қалыптасты. «Ракетка ритмі» турнирі жастар арасында үстел теннисін кеңінен насихаттап қана қоймай, олардың бос уақытын тиімді өткізуіне, денсаулықты нығайтуына және ұжымдық қарым-қатынасты дамытуына үлкен үлес қосты. Осындай спорттық іс-шаралар жастарды белсенді өмір салтына ынталандырып, олардың жан-жақты дамуына ықпал етуде.

11 Июнь 2025
14
25 Нояб 2024