Жастардың қауіпсіздігі үшін түнгі рейд ұйымдастырылды
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін Пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Жамбыл облысы әкімдігінің Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан, жастар арасында волонтерлік қызметті дамытуға бағытталған жоба аясында жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында бірқатар профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруда.
Осы жұмыстың аясында «Байқа» атты түнгі рейдтік іс-шара өткізілді. Рейдтің негізгі мақсаты – түнгі уақытта кәмелеттік жасқа толмағандардың заңды өкілінсіз қалада немесе қоғамдық орындарда жүруінің алдын алу, олардың қауіпсіздігін сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.Рейдке волонтерлер, тиісті орган өкілдері және жас мамандар қатысып, кешкі және түнгі уақытта қала көшелерін аралап, жасөспірімдердің қауіпсіздігіне бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың құқықтары мен жауапкершілігі, түнгі уақытта көше жүру ережелері және ата-аналардың жауапкершілік деңгейі туралы ақпарат берілді.
«Байқа» рейді жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін арттыруға, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған маңызды профилактикалық шара болды.

30 Окт 2025
16
25 Нояб 2024