«Есірткіге қарсы күрес: алдын алу, жауапкершілік және қоғамның рөлі» тікелей эфир №5
Жетісу облысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, есірткі қылмыстарының алдын алу және нашақорлықтың зиянды салдары туралы түсіндіру мақсатында бірқатар маңызды онлайн эфирлер ұйымдастырылды. Мамандар, психологтар және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысқан бұл эфирлер қоғам үшін өзекті мәселелерді жан-жақты талқылап, тұрғындарға пайдалы ақпарат жеткізді.
Есірткінің заңсыз айналымы және жаза түрлері
25 қараша 2025 жылы өткен онлайн эфирдің қонағы Жетісу облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының майоры Мырзақұлов Дастан Малікжанұлы болды. Эфир барысында ол есірткінің заңсыз айналымына қатысты негізгі заң талаптарын, қылмыс құрамын, жауапкершілік түрлерін түсіндірді.
Спикердің айтуынша, есірткінің кез келген заңсыз қолданылуы, сақталуы, тасымалдануы немесе өндірілуі – қылмыстық жауапкершілікке әкелетін ауыр құқықбұзушылық. Ішкі істер органдары тіркейтін деректердің басым бөлігі жасөспірімдер мен жастар арасында кездесетіндіктен, алдын алу жұмыстары ерекше маңызға ие.
Эфир соңында майор азаматтарды құқықтық нормаларды сақтауға, күмәнді жағдайларды құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырды.

03 Дек 2025
85
25 Нояб 2024