«Есірткіге қарсы күрес: алдын алу, жауапкершілік және қоғамның рөлі» тікелей эфир №4
Жетісу облысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, есірткі қылмыстарының алдын алу және нашақорлықтың зиянды салдары туралы түсіндіру мақсатында бірқатар маңызды онлайн эфирлер ұйымдастырылды. Мамандар, психологтар және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысқан бұл эфирлер қоғам үшін өзекті мәселелерді жан-жақты талқылап, тұрғындарға пайдалы ақпарат жеткізді.
Есірткіге тәуелділіктің зияны және емдеу жолдары
16 қазан күні нарколог дәрігер Мамытай Сералы Мамбеталиұлы қатысқан эфир өтті. Онда есірткіге тәуелділіктің ағзаға және психикаға тигізетін кері әсері түсіндіріліп, тәуелділіктің қалыптасу кезеңдері мен одан арылу жолдары айтылды.
Дәрігердің айтуынша, тәуелділіктің алдын алу — емдеуден әлдеқайда тиімді. Ол ата-аналарды, ұстаздарды және жастарды психологиялық дабыл белгілерін уақытында байқауға шақырды. Сондай-ақ, емделудің медициналық, психологиялық және әлеуметтік оңалту бағдарламалары туралы кеңінен ақпарат берді.

28 Нояб 2025
31
25 Нояб 2024