«Есірткіге қарсы күрес: алдын алу, жауапкершілік және қоғамның рөлі» тікелей эфир №3
Жетісу облысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, есірткі қылмыстарының алдын алу және нашақорлықтың зиянды салдары туралы түсіндіру мақсатында бірқатар маңызды онлайн эфирлер ұйымдастырылды. Мамандар, психологтар және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысқан бұл эфирлер қоғам үшін өзекті мәселелерді жан-жақты талқылап, тұрғындарға пайдалы ақпарат жеткізді.
Жастардың психологиялық қауіпсіздігі және алдын алу шаралары
Жастар арасындағы нашақорлықтың психологиялық аспектілері 13:00-де өткен кезекті эфирде талқыланды. Спикер — психолог, Жетісу облысы бойынша есірткі қылмыстарының алдын алу жөніндегі қоғамдық кеңес мүшесі Елена Николаевна Пискунова.
Ол жастардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтіп, стресс, қысым, әлеуметтік орта және жалғыздық сияқты факторлардың тәуекел деңгейін арттыратынын түсіндірді. Психологиялық қолдаудың, мектеп пен отбасы арасындағы байланыстың мықты болуының маңызы ерекше атап өтілді.

27 Нояб 2025
33
25 Нояб 2024