Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Политика / «Есірткіге қарсы күрес: алдын алу, жауапкершілік және қоғамның рөлі» тікелей эфир №2

«Есірткіге қарсы күрес: алдын алу, жауапкершілік және қоғамның рөлі» тікелей эфир №2

Жетісу облысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, есірткі қылмыстарының алдын алу және нашақорлықтың зиянды салдары туралы түсіндіру мақсатында бірқатар маңызды онлайн эфирлер ұйымдастырылды. Мамандар, психологтар және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысқан бұл эфирлер қоғам үшін өзекті мәселелерді жан-жақты талқылап, тұрғындарға пайдалы ақпарат жеткізді.

Заңгермен сұхбат: шындық пен салдар

«Нашақорлық: шындық пен салдар» атты эфирге заңгер Жылысбаев Ернар Нұрболұлы қосылып, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелерін айтты. Ол есірткінің салдарынан туындайтын әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті түсіндіріп, нақты мысалдар келтірді.

Заңгердің пікірінше, жастар үшін басты қорғаныс — ақпарат. Жаза түрлерін білу және құқықтық нормаларды сақтау есірткіге жоламаудың негізгі кепілі.

joomla 3.5