Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Политика / «Таңдау сенен басталады»: жастарға арналған әлеуметтік ролик жарық көрді

«Таңдау сенен басталады»: жастарға арналған әлеуметтік ролик жарық көрді

Жетісу облысында есірткінің алдын алу бойынша әлеуметтік жоба аясында жаңа мотивациялық видеоролик дайындалып, әлеуметтік желілерде таратылды. «Бір таңдау – бүкіл өміріңді өзгертеді!» атты роликтің негізгі мақсаты — жастарға әрбір шешімнің өмірге тигізетін әсерін түсіндіру.

Роликке жастар мен психологтар қатысып, есірткінің зияны мен дұрыс таңдау жасаудың маңызын әсерлі түрде жеткізеді. Басты үндеу — «Таңдау сенен басталады!».

Психологтардың айтуынша, визуалды мазмұн жастарды ойландыруға ең тиімді құралдардың бірі. Сондықтан жоба ұйымдастырушылары роликті көріп, ой түйіп, бөлісуге шақырады.

Әрбір жас — өз болашағының иесі. Бір дұрыс шешім — жарқын өмірдің бастауы.

joomla 3.5