Байзақ ауданы тұрғандарына көшпелі заң көмегі көрсетілді
2023 жылғы 10 сәуір күні «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастырумен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранты аясында «Құқығыңды білу міндет» әлеуметтік жобасының «Көшпелі заң көмегі» керуені іске асырылды. Жоба барысында Байзақ ауданы, Жаңатұрмыс ауылдық округі тұрғындарына құқықтық кеңес берілді. Кездесу барысынды тұрғындардың мүліктік қатынастар, отбалық құқықтар, жер мәселелері және өзге де құқықтық сұрақтарына жауаптар берілді. Ұйым тарапынан болашақта да заңгерлік кеңестер берілетіндігі ескертіліп, байланыс номерлері берілді.
2024 жылы 10 сәуірде «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» коммерциялық емес акционерлік қоғамының халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру грантының аясында «Жаңа Ру» жастар коалициясы заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастырумен «Құқығыңды білу міндет» әлеуметтік жобасы бастау алды. Әлеуметтік жобаның маңызды бағыттарының бірі «Көшпелі заң көмегі керуені» заңгерлері Байзақ ауданы, Суханбаев ауылдық округі тұрғындарымен кездесті. Тұрғындарға мемлекеттік бағдарлама аясында берілетін қайтарымсыз грантты алудың заңдық негіздері, жеңілдетілген несие алудың талаптары, банкроттыққа құжат тапсыруға негіз болатын себептер түсіндірілді.
Ауылдардағы тұрғындардың жер дауы, мұрагерлік, төленбеген несиеге байланысты сұрақтарына заң аясында шешу мүмкіндіктері айтылды. Заңгерлер алдағы уақытта қосымша сұрақтар туындаған жағдайда көмек қолын созуға дайын екендерін айтып, байланыс ақпараттарын тұрғындармен бөлісті.