Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Политика / "Дін мен дәстүр" тақырыбында кешенді шара өтті

"Дін мен дәстүр" тақырыбында кешенді шара өтті

Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысмен  Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы Мырзагелдиев және «Хибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы, РАНТ мүшесі - Нұралы Бахытұлының қатысуымен аудан орталығында “Дін мен дәстүр” тақырыбында кешенді шара өтті. Іс-шара аясында Аудандық мәдениет үйінде “Ислам-және дәстүр құндылығы” тақырыбындағы конференцияға арнайы қонақтардан бөлек Мойынқұм аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы - Жұманазар Жұмабайұлы Көдеков, ауданның Төбе биі - Жамбыл Қалыбайұлы Қалыбаев, ауданның бас имамы - Рысбай Асылбекұлы Еспенбетов, ауданның зиялы қауым өкілдері, ауыл ақсақалдары, аналар кеңесі, аудандық мешіттер имамдары мен жастар қатысты. Шара барысында ЛЭД экранда «Дін мен дәстүр» тақырыбында әзірленген бейнеролик көрсетілді. Облыстың бас имамы, РАНТ мүшесі және ауданымыздың Төбе биі жоғарыда аталған тақырыпта сөз қозғап, жастарға тәлім-тәрбие беруде дәстүрді басты құрал ретінде қолдану керектігін айтты. Жиналған жұртшылық түйткілде жүрген сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауап алды.

joomla 3.5