Тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеу негізінде, «Мен жастарға сенемін» тақырыбында ақын өлеңдерін оқу байқауы өтті
2024 жылығы 23 қыркүйекте Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының «Тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеу» жобасы аясында «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен«Мен жастарға сенемін» атты ақын өлеңдерін оқу байқауы өтті.
Байқауға Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Алматы Шымкент қалаларынан 10 адамнан 16-40 жас аралығындағы этнос өкілдерінен барлығы 50 адам қатысты.
Байқауға қатысушысылар төмендегі тақырыптар бойынша ақын өлеңдерін оқып, өздерінің құжаттарымен бірге Абай Құнанбайұлының шығармашылығынан бір өлең және еркін тақырыпта өлең оқып, бейнероликтерді Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасына жолдады.
Қазылар алқасы қатысушылардың орындаушылық шеберлігіне; өлең мазмұнына; мәдениеті мен киім үлгісіне; репертуарының байқау ережесіне сәйкестігіне баса назар аударды.
Комиссия отырысының талқылау барысында қатысушылар арасында 0-10 аралығындағы бағалау нәтижесінде баллдарының бірдей болуына байланысты жүлделі орындарды бағалау бойынша 1 орынды 2 адамға, 2 орынды 2 адамға, 3 орынды 2 адамға беру және ынталандыру сыйақыларын 100 мың теңгеден 4 адамға емес 50 мың теңгеден 8 адамға беру туралы шешім қабылданды.
Нәтижесінде қазылар алқасының шешімімімен жүлдеді 1 орынды Түркістан облысынан Ирисметова Захро Жамаловна (өзбек, 250 мың теңге) мен Жамбыл облысынан Ким Аяна Радионовна (кәріс, 250 мың теңге) иеленді. Ал, жүлделі 2 орынды Шымкент қаласынан Исраилова Патимат Хамзатовна (чечен, 150 мың теңге) мен Жамбыл облысынан Амоева Нури Ибрагимовна (курдянка, 150 мың теңге) жеңіп алды.Сондай ақ, жүлделі 3 орынды Жамбыл облысынан Ахметова Ханумхас Далимбековна (курдянка, 100 мың теңге) мен Түркістан облысынан Бекташова Дилмира Дадаханқызы (өзбек, 100 мың теңге) иеленді.
Ал, ынталандыру сыйақысын 50 мың теңгеден Түркістан облысынан Сайтова Дилноза Ахмаджанқызы (өзбек, 50 мың теңге) мен Жаппарова Диана Ділмұратқызы (өзбек, 50 мың теңге) алса, Жамбыл облысынан Дурсунова Эсмер Арамизовна (түрік, 50 мың теңге) иеленді, ал, Алматы облысынан Маханбет Дина (күрді, 50 мың теңге), Назирова Милада (ұйғыр, 50 мың теңге), Камалова Гульбаяз (күрді, 50 мың теңге), Асанова Индира (әзірбайжан, 50 мың теңге), Каримова Елдыз (ұйғыр, 50 мың теңге) иеленді.