Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Политика / Ақтөбе облысы тұрғындарына заң көмегі берілді

Ақтөбе облысы тұрғындарына заң көмегі берілді

«Құқығыңды білу міндет» жобасының «Көшпелі заң көмегі керуені»  «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығә КЕАҚ қолдауымен Ақтөбе облысында 2023 жылдан бері өткізіліп келеді. 2023-2024 жылдар аралығында тегін заң көмегіне жүгінген азаматтарға тегін заң көмегі беріліп, өтініш және шағымдарын тиісті мекемелерге жолдауға көмектер берілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, азаматтардың ең көп өтінген салалардың қатарына тұрғын үй және жер қатынастары, несиені төлей алмау, сот ісін жүргізу және алименттерді өндіріп алу, жеке кәсікерлерге әкімшілік кедергілер қою және денсаулық сақтау салалары жатады.Жобаның негізгі мақсаты азаматтардың, әсіресе, халықтың осал топтарына: аз қамтылғандарға, көп балалы отбасыларға, жалғызбасты аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар, шағын және орта бизнес өкілдері, студенттер және басқа да көптеген азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заңгерлік көмек көрсету.Мухитов Меделбек, кеңес алушы: «Әкімшілік сайтында хабарлама жазылып тұр екен. Заңгерлер тегін кеңес береді дегенді көріп, бүгін келіп отырмын. Бір кісіден қарыз ақшамды ала алмай жүрмін. Сот орындаушылардың күші келмей жатыр. Мен ары қарай не істеймін, қалай қарызымды өндіремін деген мәселемен келдім. Заңгерлер көмегін беріп жатыр. Кеңесіне қанағаттандым, жақсы өте дұрыс. Осындай кеңестер көп болса, мәселесін шеше алмай жүрген халық көп. Осы кісілердің жәрдемі тиеді деп ойлаймын» деп өз пікірін білдірді.

joomla 3.5